spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Aqmola News  қазақпарат-қа сілтеме жасап

«Коронавирус індетінің негізгі толқынын өткіздік» деген пікірдегі адамдармен келісемін. Бізде негізгі толқын осы жылдың маусым-шілде айларында болды. Мұны бізге қолжетімді статистикаға, ауруханаға жатқызу деректеріне қарап айта аламыз. Дегенмен, тіркелген статистикалық мәліметтер шынайы жағдайды көрсете алмайды. Меніңше, мұндай жайт бүкіл әлемде бірдей. Көктемде науқастарды тіркеген кезде жеңіл және симптомсыз формасына, орташа ауыр және ауыр формасына қатысты мүлде басқа ара қатынасты байқаған едік. Бұған қоса, орташа және ауыр формамен ауырғандардың саны басым болды. Коронавирусқа шалдығудың шырқау шегінен өткенімізді білдіретін тағы бір жайт – өкпе қабынуының өте көп болуы. Оның үстіне қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл өкпе қабынуларын ковид деп санап, тіркеуге қосып отыр. Яғни, өкпе қабынуылары ПТР-диагностикалау көмегімен анықталған еді», – деді ол коронавирустың екінші толқының жүру мүмкіндігін талқылауға арналған онлайн жиында. Оның атап өтуінше, коронавирус індетінің шырқау шегінен өтіп кетуіміз алдағы уақыттағы жағдайға оң әсерін тигізеді. «Өйткені, енді иммунитеттің бар екендігін білеміз. Коронавирусты қайталап жұқтырып алу деректері бірен-саран ғана. Оның өзі де ағзаның ерекшелігіне, иммунитеттің қалыптасуына байланысты. Жалпы, иммунитет бар. Осыны ескерер болсақ, коронавирустың екінші толқыны біршама жайдақ өтеді. Яғни, маусым-шілдедегідей күрт өршімейді. Біз де, Денсаулық сақтау министрлігі де, жалпы қоғам да дайын болады. Желтоқсанға қарай ол күрделене түседі. Қыркүйек пен қазан айлары біршама тыныш өтеді»,- деді Бауыржан Жүсіпов.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img