spot_img
Жексенбі, Мамыр 4, 2025
18.2 C
Kokshetau

Кибербуллинг кең етек жаюда

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы  Есенғазы Иманғалиев онлайн режимде өткен Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесіне қатысып, педагогтардың назарын бірқатар маңызды мәселелерге аударды, деп хабарлайды Aqmola News

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде бала өлімі эконоикалық әріптестік ұйымына кіретін мемлекеттердегі көрсеткіштен үш есеге жоғары, балалардың жарақаттануы, балалар арасындағы мүгедектік, балаларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтар өсіп келеді, суицид оқиғалары 7 пайызға артқан, кибербуллингтің кеңінен таралуы балаларға қауіп төндіруде. Түрлі гаджеттерді бақылаусыз қарау балалардың кибербуллингке және электронды кеңістіктегі алаяқтыққа ұрынуына алып келуде. Ата-ана жауапкершілігінің төмендеуі, балалардың алдында өз міндеттерін дұрыс орындамауы қоғамда нақты көрініс табуда деді баяндамашы.

Осы ретте, комитет төрағасы Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын, бұл бағдарламада балалардың әл-ауқаты индексі мен балалар бюджетін апробациялау және енгізу көзделетінін айтты. Балалар құқығын қорғау комитетінің бастамасымен балалар құқығына қатысты ұлттық заңнамаға 83 түзету енгізілген. Енді, педагогтар ғана емес, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау мамандары да балалар жасаған, я оларға қатысты жасалған заңбұзушылықтарды құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізіп отыруға міндетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сөнбейді әке, шырағың!

....Соғыс бітті, біткенде ме бар айып,– Соғыс, соғыс... ұмыттырмас ол атын. От өкен соң осылайша қарайып Орны қалар болатын. Ұмытар ем соғыс атын,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика