Ақмола облысында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Мәселен, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 6,8 мың ақмолалық жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағдарламаның қысқа мерзімді оқытуды қарастыратын алғашқы бағыты бойынша жүгінген 660 адам кәсіби және техникалық білім алған. Ал екінші «Бастау -Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізіне 1 мыңнан астам адам оқытылған. Мұнымен қоса бағдарлама көмегімен тағы 4019 жұмыссыз жүрген азаматтар жастар іс-тәжірибесі, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар сияқты белсенді жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, 428 ақмолалық кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде гранттарға ие болып, тағы 381 адамға микронесиелер мақұлданды.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша оқығаннан кейін грант алуға өтініш беруді жөн санадым. Үй кондитерлігін ашқым келді. Бәрі сәтті болып, 555,6 мың теңге грант алып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Қазіргі уақыта ондаған торт және басқа да тәті тоқаштарға тапсырыстар қабылдаудамын, – дейді өз кәсібін ашқан Целиноград ауданының тұрғыны Әмина Жансары.
Әмина сияқты жас болса да өзінің жеке кәсібін ашып, нәсібін тапқандар аз емес. Жұмысшы жастарды қолдау өңір әкімшілігінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Жалпы, облыста 19 құрылыс жасақтарында 930 жас азамжұмылдырылған.