spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 13 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауар өнімі өндірісі 394 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артық болып отыр, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің даму қарқыны жайлы Ақмола облыстық  өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребин   мәлім етті.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде карантин шектеулеріне қарамастан өнім өндіру көлемі   төмендемеген.  Әсіресе, компаниялардың  инвестициялық белсенділігі жоғарылаған.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде өңірде құны 13 миллиард теңгеден астам  сомаға бағаланатын 13 жоба жүзеге асады.  Сонымен қатар  2025 жылға дейін жүзеге асырылатын 70 перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр, – дейді Александр Загребин.

Жалпы, жылдың жеті айында ғана облыс экономикасына тартылған негізгі капиталға инвестиция көлемі 202 миллиард теңгені құраған. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға артық .

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика