spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

26 тамызда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстікте қатты, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды  «Aqmola News»  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде және таңертең Ақмола, Қостанай, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м / с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика