Бурабай тауларына шығып түсе алмай қалған қыз бен жігітті құтқарушылар құтқарып алды, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар таудың төбесіне шығып, табиғат көрінісін жоғарыдан көрмек болған
«Осы жылдың 23 тамызында Щучинск қаласының құтқарушылар отрядына екі жас қыз бен жігіттің Көкшетау тауының шыңына шығып, төмен түсе алмай қалғаны туралы пультке хабарлама түсті. Құтқарушылар дереу тауға көтеріліп, альпинистік құрылғылармен тауға шығып кеткен жастарды төменге түсіріп алды, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Жастар жоғарыға шыққанда жаңбыр жауып төменге түсу мүмкін болмай қалған.
«Біз Көкшетау қаласының төбесіне көтерілдік. Төмендегі көрсе көз қызығарлық табиғатты тамашалағымыз келді. Алайда, біз төмен қарай түсе алмай қалдық. Жаңбыр қатты жауып, жолдың бәрін шайып кетті. Бір сағат бойы төмен түсуге тырыстық. Бірақ бұл біздің өмірімізге қауіп төндіретін болды. Жолымыз болғанда ұялы байланыс ұстап, құтқарушыларға хабарластық. Олар дереу жетіп, 15 минут аралығында қауісіз жерде болдық», – деді Көкшетау қаласының тұрғыны Шолпан Бейсембаева.
Ақмолалық құтқарушылар табиғатта демалыс күндерін жоспарлағанда жақындары мен таныстарын қайда кеткені, қанша уақытқа созылатыны туралы хабарлауды ұмытпауды ескертеді.
Тауға саяхатқа шықпас бұрын серіктердің ешқайсысы қан қысымы немесе жүрек ауруларымен ауырмайтынына көз жеткізген жөн. Жолсеріксіз ешқашан таныс емес бағытта жол жүрмеу қажет. Тауларда қауіпті жар-құздар жетерлік. Егер сіз тау сүрлеуімен жүргіңіз келсе бірақ тәжірибелі туристерге қосылуға мүмкіндік болмаса, кәсіби гид тауып барлық жол бойындағы кездесетін жерлерді айта алатын адамды ерткендұрыс. Осы қарапайым қағидаларды ескерсе, сіз төтенше жағдайлар кезінде таудағы саяхаттарыңыз есте қалатын әсер қалдырады, – деп толықтырды Қанат Доспаев.