spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер қайта жанданады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе байланысы қайта жанданады. Алғашқы рейс бейсенбі, 27 тамызда ұшады деп хабарлайды Aqmola News  KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Түркия 5 тамызда Қазақстаннан келетін жолаушыларға шектеу қойған еді.

«Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен жұмыс жүргізілді. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп, және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Рейстер кестесін әуе компанияларының сайттарынан көруге болады. Сондай-ақ ұшу кезінде барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталатыны айтылған. Еске сала кетсек, бұған дейін Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы 1 қыркүйектен бастап қайта жандануы мүмкін екені хабарланды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика