spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус пандемиясының аяқталу мерзімін  болжады.  Ол COVID-19-ға қатысты жағдайды 1918 жылғы «испан тұмауы» эпидемиясымен салыстырды, деп хабарлайды Aqmola News Sputnik.kz – ке сілтеме жасап

«Біздің жағдайда технологиялар көбірек. Жиі қарым-қатынас жасалған кезде вирус тез таралады, бірақ бізде оны тоқтататын технология бар. Жаһандану және өзара байланыстың көбеюі секілді кемшіліктер де жоқ емес, бірақ технология жағынан артықшылық алып отырмыз. Сондықтан біз бұл пандемия екі жылдан аз уақыт ішінде аяқталады деп үміттенеміз», – деді Гебрейесус.

 ДСҰ COVID-19 мутациясын анықтау үшін жұмыс тобын құрды, деп хабарлады ұйымның төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхове.

Оның айтуынша, вирустың мутациясы ауруға қалай әсер ететінін анықтау үшін көбірек зерттеу жүргізу қажет.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы мәліметіне сәйкес, әлемде шамамен 23 миллион адам коронавирус жұқтырды. 799 мыңнан астам адам қайтыс болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img