spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда «Жомарт жүрек» премиясы табыс етілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловтың қатысуымен «Жомарт жүрек» премиясын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Aqmola News.

Марапаттау мақсаты – бизнес құрылымдарының өкілдерін, меценаттар,қала тұрғындарын, еріктілерді өздерінің кішкентай Отанын дамытуға атсалысып, азаматтық белсенділіктің озық тәжірибелерін таратуға, қайырымдылық идеяларын кеңінен насихаттауға бағытталған.

«Жомарт жүрек» сыйлығы жыл сайын халықтың, бизнес өкілдерінің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктері үшін беріледі.
«Туған өлке» номинациясында кәсіпкер Ерлік Өмірғали, «Жыл меценаты» номинациясында «Той-Дастархан» ЖШС басшысы Елена Мащинская, «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша кәсіпкер Ерсайын Ғабдуллин, «Ерен еріктілік» номинациясында «Достар» мәдениет сарайы директорының орынбасары Ауғанбаева Екатерина марапатталды. «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша «Көкшетауминводы» АҚ ұжымы марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика