spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Сандықтау|:Шілде айынан бері провизорлық стационарда 26 науқас жазылып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Білікті дәрігер  Дәурен Алпысбеков жетекшілік ететін 20 орындық провизорлық стационарда пневмонияға шалдыққан және коронавирус індеті лаборатиялық расталған алты науқас ем қабылдап жатыр. Ақ халаттылар ауысыммен жұмыс істейді, деп хабарлайды Aqmola News

–Стационар ашылғалы бері бізде 38 науқас ем қабылдады. Соның алтауы әлі ем қабылдауда. Оның үшеуі Covid-19 диагнозымен облыс орталығындағы туберкулезге қарсы күрес диспансерінің инфекциялық стационарына ауыстырылды. Ал, екеуі коронавирустың жеңіл түрімен өзімізде емделуде. Қалған науқастарда пневмония. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және оттегі концентраторымен демалатын науқастар жоқ. Індет таралған кезеңнен бастап ауруханамызда бірде-бір өлім-жітім тіркелген жоқ, – деді провизорлық стационар меңгерушісі Дәурен Алпысбеков.

Коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдейтін бұл стационар алғаш жұмысын бастағанда оған дәрігер Виталий Пиденко жетекшілік еткен екен. Онымен бірге, бірнеше апта бойы Дәурен Нұрқанов және Людмила Степаненко секілді ақ халаттылар қоян-қолтық жұмыс істеп, науқас жандарды қатерлі індеттен емдеп жазуға атсалысқан. Қазір стационар екінші кезеңмен жұмыс істеп жатыр. Стационар меңгерушісі  Дәурен Алпысбеков, дәрігерлер Олеся Потапова, Алла Федоренко мен медбикелер күні-түні науқастардың жанынан табылып, коронавирусты тоқтатуға қолдарынан келгенше тырысып бағуда.

Коронавирусқа қарсы күрес шараларына жұмылдырылған медициналық персонал жеке жатын орынмен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бірінші кезеңде жұмыс істеген ақ халаттылар Балкашин селосындағы шаңғы базасында тұрған екен. Қазір де ақ халатты абзал жандар отбастарынан оқшаушаланып жұмыс істеуде.

Аудандық ауруханада қатерлі індетпен күресу үшін барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. 10 оттегі концентраторы, бір өкпені жасанды желдету аппараты бар. Соңғы аталған медициналық жабдықтарды аудандық ауруханаға кәсіпкерлер, жергілікті мешіт сатып әперген екен.

Ауданда үй жағдайында емделік жатқан науқастар да бар. Олардың жағдайын дәрігерлерден, орта медицина қызметкерлерінен құралған мобильдік топ күн сайын қадағалап отырады.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img