spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру  спорт кешені салынуда . Спорт  сарайында  шағын футбол, баскетбол, волейбол, күрес, жаттығу залдары мен бассейнін   салу   жоспарланған  , деп хабарлайды   «Aqmola  News» тілшісі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде нысанға инженерлік желіні тарту, ангар құрылысын монтаждау, әкімшілік корпустың ғабырғасын тұрғызу, блок-модульді қазандықты монтаждау жұмыстары аяқталды. Футбол алаңының асты құйылды. А блогында әрілеу, ішкі электрмен жабдықтау желісін тарту, бассейн және кәріз орналастыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаевтың айтуынша,  бұқаралық спортты дамыту үшін міндетті түрде спорттық инфрақұрылымдар салу керек. Облыста осы мәселеге зор көңіл бөлінуде.

«Биылғы жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандарда спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға болады», – дейді Әсет Бүкібаев.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика