spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
11 C
Kokshetau

2,3 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңгеден алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантинге байланысты табысынан айырылуына орай 2,3 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңгеден алды, деп хабарлайды Aqmola News  Қазақпаратқа және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

20 тамызға дейінгі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алу үшін азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам өтініш түскен. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданып жатыр. Мәселен, 2 млн 579 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 674,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 406,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 662,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 259,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 485,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img