Зеренді ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл мектептеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Бағдарлама шеңберінде Зеренді аудандық №2 , Троицк, Доломит, Қызылтаң орта мектептерінде ағаш терезе блоктарын ПВХ материалдарына ауыстыру аяқталған.
Сонымен қатар Зеренді ауданы №1 орта мектебі мен Троицк орта мектептерінде жылу жүйелеріне мен «Жігер» балалар және жасөспірімдер спорт клубының бассейніне жөндеу жүргізілген.
Қазіргі таңда Шағалалы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Дәліздерге және 1 және 2 сынып кабинеттерінің едендеріне тұтастырғыш бетон құйылып, электр жабдықтары, жылыту жүйелері жаңартылды. Сондай-ақ мектептің шатыры ауыстырылып, қасбеті ауыстырылып, алдыңғы бетіне қырлы тастар төселді, – дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.