spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.2 C
Kokshetau

Біржан сал ауданы: Өңірде болашақта​ тарихи өлкетану мұражайы ашылады

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Біржан сал ауданында бұрын пайдалануда болған ғимаратқа «Блок Сити Эко Строй» ЖШС-гі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, болашақта​ тарихи өлкетану мұражайы ашылатын болады, деп хабарлайды Aqmola News​ ​ ​ ​

Тарихты ұлықтау, өткенді елеп-ескеру, ғылым тұрғысынан зерттек – бүгінгі ұрпақтың бұлжымас парызы. Келешекте тұтқа ұстар азаматтардың өткенінен хабардар, ұлттық құндылықтарды, тарихи ескерткіштерді көз қарашығындай қорғап, бабалар салған дара жолдың сарынын ұстанғаны абзал,  ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ Ата-бабаларымыз ұстап, тұтынған тарихи бұйымдардың қай-қайсысы болмасын – баға жетпес құндылық. Біржан сал ауданында бұрын пайдалануда болған ғимаратқа «Блок Сити Эко Строй» ЖШС-гі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, болашақта​ тарихи өлкетану мұражайы ашылатын болады. Бүгінгі күні: төбесі тақтаймен толық жабылып, шатырдың қаңқасы орнатылып, түсті профлистпен жабылды. Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында төбеге және шатырға арналған материалдар өртке қарсы сұйықтықпен боянып, екі қабырға арқылы есіктер шығарылды, төрт терезе орындары жабылдып, пластикалық терезелер орнатылды. Екі есік орнатылып (кіреберіс және қосымша), мұражайдың сыртқы қабырғалары сайдингпен қапталды. Еден құю үшін ғимарат іші қоқыстан тазаланып, қиыршық тас төселіп, қоспамен құйылды. Құрылыс қоқыстары толығымен шығарылды. Ғимараттың жан-жағы цемент ерітіндісімен құйылған. Нысанда 5 адам жұмыс атқаруда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес жұмыстар кешігумен атқарылуда.

Мұражайға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Біржан сал ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы Біржан сал атындағы мәдениет үйі мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялап, конкурсты Көкшетау қ. орналасқан «Блок Сити Эко Строй» ЖШС-гі ұтып алды. Басшысы Шайкенов Нұрлан Мәлікұлы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика