spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
10 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шалғайдағы ауылдар кең жолақты интернетке қосылады

Сондай-ақ...оқыңыз

«SMART Aqmola» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Серікбайұлының айтуынша, «Smart City» тұжырымдамасы мен «ақылды» қалалардың эталондық стандарты әзірленді, деп хабарлайды Aqmola News.

 

Еліміздегі 17 қаланың бесеуі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Алда тұрған маңызды міндет тұрғындарға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау, қала инфрақұрылымын басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, қазақстандық қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Smart City» эталондық стандартының 47 негізгі бастамасының 27-сі жүзеге асырылды, 17-сі әлі іске асырылуда. Экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, қалған бастамалар  бойынша есептеулер жүргізілуде.

Іске асырылып жатқан жобалардың бірі сәулет мен қала құрылысы, жер қатынастары салаларында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруға және өндірушілер мен тұтынушылардың кеңістіктегі мәліметтермен ақпараттық әрекеттесуінде кедергілер мен шектеулерді жоюға арналған Ақмола облысының өңірлік геопорталы болып табылады. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерін диспетчерлендіру, мониторингілеу жүйесі және ақпараты бар жария карталары, жол-көлік оқиғалары мен қылмыс картасы әзірленді. Бұл бағытта жұмыс әлі жалғасуда.

 

  –Бүгінгі таңда Ақмола облысында 590 ауылдық елді мекен бар. Облысымыздың барлық аудан орталықтары талшықтық-оптикалық желімен және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының желі қызметтерімен қамтылған. 481 ауылда, яғни, 81,5 пайызында ғаламтор қол жетімді. Ал, 109 елді мекенде, яғни, 18,3 пайызында интернет жоқ, – деді «SMART Aqmola» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Серікбайұлы.

 

Осы ретте, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына 36 ауылдық елді мекен бекітілген. Қазіргі таңда олардың 16-сы талшықтық-оптикалық желілік жүйесіне қосылды. «Транстелеком» акционерлік қоғамына 12 ауылдық елді мекен бекітілген. Қазіргі таңда 11-іне талшықтық-оптикалық желілер өткізілді. Бүгінгі таңда тұрғындар саны 250 адамнан асатын 350 ауылдық елді мекеннің 274-і немесе 78 пайызы кең жолақты интернетке қосылған. Сондай-ақ, 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық жерлерде мобильді интернетке сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға арналған жоспар бекітілді. Соған сәйкес үстіміздегі жылы ұялы телефон операторлары 250-ден астам тұрғыны бар 89 ауылдық елді мекенде базалық станциялар салу және жаңарту жұмыстарын жүргізбекші.

Щучинск-Бурабай курортты аймағында ұялы байланыстың және мобильді интернеттің сапасын арттыру мақсатында 11 антенналық-діңгектік құрылыс іске қосылып, ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылды. Жобаны іске асыру кезінде Щучинск-Бурабай курортты аймағында және Нұр-Сұлтан-Бурабай автомагистралінде ұялы байланыс сапасын арттыруға баса мән берілді. Ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамту жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img