Егіндікөл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 орта мектепке жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Жалпы білім беру нысандарын жөндеуге арналған 11 жобаға 150 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің шатырларын, едендерін, электрмен жабдықтау және жарық жүйелерін, сондай-ақ маңайындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, көптен бері тозып күрделі мәселеге айналған жерлерін бүтіндеп шықтық. Мұнымен қоса Жаңақоныс ауылындағы негізгі мектепке облыстық бюджет есебінен 22,8 миллион теңге бөлініп, блокты-модульдік қазандық сатып алынды. Аудандық бюджеттен Армавир және Алакөл орта мектептерінің де жылу қазандықтарын ауыстыруды көздеп отырмыз, – дейді Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков.
1 қыркүйектен бастап 7 ауыл мектебі күшейтілген санитарлық режимде дәстүрлі форматта оқытылса, аудан орталығындағы 2 мектеп қашықтан оқытылмақ. Ал, №1 орта мектеп базасында бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші топтар құрылған.
Мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі ерекше бақылауға алынған, – деп толықтырды аудан әкімдігінен.