spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған 4 азамат ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылғы 30-31 шілдеде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан жасағының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде, Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар. Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған», – делінген ҰҚК ресми сайтында.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдықтар табылған. Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика