spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 17 мыңға жуық оқушыға мектеп құралдары таратылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жылдағы дәстүр бойынша, былғы жаңа оқу жылында да аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек қолдау көрсетіледі. Оқушыларға киім кешек және аяқ киім мен оқу-жазу құралдары таратылады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы тікелей эфир жазылымында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Биылғы жылы 17 мың ақмолалық оқушыларға мектеп құралдары берілмек. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 300 миллион теңге қарастырылған.

Ақмола облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында көптеген оқушылар көмек алып келеді.

Облыс әкімі де атап өткеніндей, бұл қайырымдылық акциясы әлеуметтік сипатқа ие болып, жыл бойы жалғасын тапты. Соның нәтижесінде жергілікті кәсіпкерлер де бұл жобаны қолдап, өткен жылы 16463 оқушыға көмек көрсетілді.

Жыл сайын бизнес қауымдастықтары мен мецанаттар және Ақмола облысының белсенді азаматтары бұл мақсатқа 250 миллион теңге бөледі,-деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Мұндай балаларға депутаттар да қол ұшын созды. Биыл да бұл дәстүр жалғасын таппақ.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика