spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
13.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 6 мыңнан астам студент тегін оқытылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Баршаға тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы шеңберінде 32 колледжге 6 мыңнан астам студент қабылданбақ, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Облыс әкімінің айтуынша, жаңа оқу жылында алты мыңнан астам студент бюджет қаражаты есебінен «Баршаға тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасымен оқытылып,  жатақхана және бір мезгіл ыстық тағаммен қамтылады.

Бір мыңға тарта ғана контингенті шалғайда орналасқан 8 колледж штаттық режимде оқытылады. Педагогикалық, ІТ, әлеуметтік-гуманитарлық салаларда білім алушылар қашықтан оқытылса,  технологиялық, аграрлық, медицина және өнер саласындағы студенттер аралас режимде оқытылады. Яғни дәрістер мен семинарлар онлайн тәртіпте өткізілсе, зертханалық сабақтар мен өндірістік іс-тәжірибелер күндізгі форматта жүзеге асырылады, – деді облыс әкімі.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика