spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Сенат депутаттарының сайлауына Ақмола облысынан үш кандидат ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына үш кандидат қатысты, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтері бойынша сайлау бюллетеньдеріне еліміздің барлық аймағынан 46 үміткер қосылған. Дегенмен, тіркеуден кейін 12 кандидат өз кандидатураларын алып тастау туралы өтініш берген. Облыстан Сенат депутаттығына үш үміткер өз бағын сынаған

«Олар Ақмола облысы бойынша тексеріс комиссиясының төрағасы Нұрлан Жексембайұлы Бекенов Көкшетау қалалық мәслихаты және Зеренді аудандық мәслихатының сессияларында ұсынылған. Екіншісі облыстық көпбейінді аурухананың директоры Нұрлан Қайырұлы Жаров (өзін-өзі ұсынған).  Үшіншісі Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейінің директоры Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева (өзін-өзі ұсынған) – деді облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес депутаттар жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін орталық сайлау комиссиясы бақылайды.

«Жалпы Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлаудың қорытындысы сайлау өткізгеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей анықталады, – деп толықтырды ведомствадан.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика