spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Көкшетауда мәдениет сарайы отқа оранды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда жаңа ғана «Көкшетау» мәдениет сарайында өрт болып, қою түтін аспанға шықты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрттен мәдениет сарайында жүрген 25 адам эвакуацияланған.

Бүгін күндізгі сағат 10:55-те «Көкшетау» мәдениет сарайының өртеніп жатқаны жайлы 112 пульттен 112телефон хабарламасы түсті. Өрт ғимараттың шатырында тұтанғаны анықталды. Дереу дабыл беріліп, отыздан астам жеке құрам сарбаздары мен алты бірлік өрт сөндіру техникалары, сонымен қатар «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының бір техникасы мен бір қызметкері жұмылдырылды. Өрттен мәдениет сарайының 10 шаршы метр аумағы оранған. Тілсіз жау 11:22-де ауыздықталып, 11.33-те толықтай сөндірілді, – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Қазіргі уақыта ғимараттың өртенген құрылымдары бұзып алынуда. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика