spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Ақкөл ауданында карантин талаптарын бұзған нысандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл ауданында мобильдi мониторинг тобының жұмысы жалғасуда. Аталған iс-шаралардың негiзгi мақсаты қоғамдық тамақтандыру нысандары мен сауда нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру, дәрiханалардың дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етілуін бақылап, сауда орындарындағы тауар құнына мониторинг жүргiзу, сондай-ақ, Ақмола облысының Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң қаулысын жан-жақты түсiндiру болып табылады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жергілікті әкімдік, «Nur Otan» партиясы, құқық қорғау органдары, тауарлар мен қызмет сапасын тексеру басқармасының және кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен құрылған жедел топ 4 тамызға дейін 23 рет рейд тексерістерін ұйымдастырды. Аталған шаралар барысында дүкендер, қонақ үйлері, қоғамдық тамақтандыру орындары, дәріханалар сияқты 58 нысанның жұмысына мониторинг жүргізілген.

–Тексерістер барысында 14 нысан басшысының кемшілікке жол бергені анықталды. Карантин басталған алғашқы күндері олармен тиісті түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалған. Қазіргі кезде жауапкершілік шаралары күшейтілді. Арнайы топ 8 нысандағы дезинфекциялық шаралардың талап дәрежесінде еместігін атап көрсетіп, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұлардың ішінде 6 жеке тұлға мен бір жеке кәсіпкер бар. Карантин талаптарына сай бұларға 569490 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды. Сондай-ақ, жедел топтың қарауына қоғамдық орындарда маскасыз жүру бойынша 12 іс жолданды. Мониторингтік топтың жұмысы кестеге сай жалғасын табуда,–дейді аудан әкімінің орынбасары Алмас Әлин.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика