spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Коронавирус: 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирусқа шалдыққан науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми статистикаға келетін болсақ, биылғы 13 наурызынан бастап Қазақстанда коронавирустық инфекциямен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастардың саны 72 523 немесе 72,9 пайыз. Стационарларда 4 713 адам ем қабылдауда және 20 937 амбулаторлық жағдай емделуде», – деді реми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы өте нашар деп бағаланды. Жалпы 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр жатыр. Еске салсақ, Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады.

«Қазақстанда КВИ жұқтыру өсімі тоқтады. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. 13 наурыздан бастап КВИ-мен 99 442 адам ауырды. Жазылып шыққандар саны – 72 523 (72,9%) адам. Стационарда 4713 адам ем қабылдауда, 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделуде», – деді ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика