Көкшетауда Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес дипансерінің аумағынан жұқпалы ауру жұқтырған науқастарды емдеуге арналған аурухананың қазығы қағылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
200 төсек жабдығы болатын медициналық мекемеде сонымен қатар коронавирус індетін жұқтырғандар да емделеді. Аурухана Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің аумағында бой көтереді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен модульдік инфекциялық аурухана құрылысы басталды. Құрылыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны үнемдеудің есебінен жүзеге аспақ. Емдеу мекемесі замануи озық медициналық қондырғылармен жабдықталады. Әр палатаға кислород тарататын станция қойылады.Құрылғылар Германия және Ресей мемлекетінен әкелінеді,-дейді облыстық денсаулық сақтау баспасөз қызметінен.
Қасымжомарт Кемелұлының тапсырмасымен салынып жатқан аурухананың жалпы ауданы төрт жарым гектарға жуық.
Жобаның құны 6,2 миллиард теңге. Аяқталу мерзімі 1 қазанға дейін. Құрылысты аяқтауды мердігер компания BI Group міндетіне алған.