spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Елордаға жақын Қоянды ауылында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 13:00 Ақмола облысының ТЖД дағдарыс кезіндегі басқармасына Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы көлшікте (котлован, ені 50 м, тереңдігі 2 м) суға шомылмақ болған екі баланың суға батып кеткендігі туралы хабар түсті.

Куәгерлер баланың біреуінің денесін жағаға алып шықты. Оның аты-жөні анықталып жатыр. Ал, 2012 жылы туған екінші баланың денесін Нұр-Сұлтан жедел құтқару жасағы іздестіруге кірісті. Іздестіру жұмысына Целиноград аудандық ТЖ жасағының 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы жұмылдырылған, – дейді ведомство өкілі.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика