spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Аршалы: Мемлекеттік бағдарламамен білім беру нысандары мен жолдар жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Биыл бағдарлама шеңберінде бірқатар білім беру нысандары мен ауыл арасындағы жолдар мен көшелер жөнделді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Мемлекет басшысы жариялаған бағдарлама аясында бірқатар ауылдарда талайдан тозығы жеткен нысандар жаңғырып, шұрық тесік болып, шаңы шыққан жолдар бүтінделе бастады. Әсіресе, бағдарлама шарапатымен  білім беру мекемелері  де жөнделе  бастаған. 
 
Аршалы ауданында  биыл  «Солнышко» және «Светлячок» балабақшаларына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, маңайына абаттандыру жүргізілді.  Аталған мақсатта бюджеттен 20 миллион теңге бөлінген.   Сондай-ақ, Аршалы ауданының №2 орта мектебінде 15 миллион теңге сомасына спорт алаңы, мектеп қоршауы, пандус, кіреберісі толықтай қалпына келтірілуде. Бағдарламаның көмегімен Абай, Тінәлин, Амангелді, Астана  және Писарев көшелеріне де (карьералық көпірден Карьер бастауыш мектебіне дейін)  жөндеу жүргізілді, –  деді Аршалы ауданының әкімі Талғат Мұханбеджанов.
Мұнымен қоса Аршалы кентінің 6,1 шақырым ішкі жолдарына асфальт жабынын төсеуге   109,4 миллион теңге, оның ішінде  республикалық  бюджеттен 98,4 миллион және облыстық бюджетен 10,9 миллион теңге  бөлінген.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика