spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-17.8 C
Kokshetau

Облыстың бас санитар дәрігері Дулат Ағаділдің асына қатысудан бас тартуға шақырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстың бас санитар дәрігері осы қыста өмірден өткен Дулат Ағаділдің асына қатысудан бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Асқа қатысу Целиноград ауданында аурудың асқынуына әкеліп соғуы мүмкін,- дейді Айнагүл Мусина.

Сондай-ақ, ол бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да ескертті.

– Әлеуметтік желілерде Целиноград ауданы, Талапкер ауылында Дулат Ағаділдің үйінде сегізінші тамызда өтетін еске алу асына қатысу туралы жаппай хабарламалар таралып жатыр. Еске сала кетейін, карантин кезеңінде бұқаралық ісшаралар өткізу Қазақстан Республикасы бас санитар дәрігерінің №44 қаулысымен тыйым салынған. Аталған шараға қатысу ауру санының көбеюіне әкеліп соғуы ықтимал. Осыған байланысты бұқаралық шараларға және асқа қатысудан бас тартуды ұсынамын. Аталған талаптар бұзылған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деді облыстың бас санитар дәрігері.

Бүгінде Ақмола облысында 2897 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан. Целиноград ауданында – 431. Облыста әлі де болса жағдай тұрақсыз болып тұр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика