spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада жыл басынан бері 2 мыңнан астам адам зейнетке шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жыл басынан бері жасы бойынша зейнетақы тағайындауға 2224 адам өтініш берді. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 2026 адам зейнетке шыққан, – деп хабарлайды «Aqmola News» «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміз бойынша зейнет демалысына шыққандар арасынан Алматы облысы көш бастап тұр. Мұнда 5 мың адамнан астам адам зейнетке шықты. Одан кейін Түркістан облысында (4,5 мыңннан астам) Шығыс Қазақстан облысында (3,8 мың адамнан астам) зейнет жасына жеткен. Жеті ай ішінде зейнетке шығу көрсеткіші ең аз Атырау облысы болған. Мұнда бар-жоғы 1295 адам зейнетке шыққан.
Жасы бойынша зейнетке шығу үшін азаматтар зейнет жасына дейін 10 күн қалғанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтінім береді. Ол үшін алдын ала egov.kz порталында немесе eGovKzBot2.0 телеграм-бот құралында кезекті броньдауы тиіс.
Сонымен бірге, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік корпорация зейнетке шығуға өтінім беруді eGov.kz порталында электронды өтінім беру жолымен қашықтан беру мүмкіндігін қарстырған.
Мұндай әдіспен зейнетке шығуға өтінім беру үшін азаматтар электронды-цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталында тіркелуі қажет. Одан әрі «Электронды өтінімдер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі тиіс. Бұдан кейін поштьалық мекенжай, телефон, қызмет атауы сияқты жеке ақпараттарды толтыру керек.
Осыдан кейін сканерден өткізілген құжаттар көшірмелерін (қажетті құжаттардың тізімін 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен білуге болады) қызмет алушының жеке қолымен өтінішін жүктеу қажет. «Кімге?» сұрағына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалын көрсеткен жөн. Өтінім аяқталғанда ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік корпорация қызметкерлері көрсетілген телефон бойынша өтінім берген азаматпен хабарласады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы жауап қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі мен БЖЗҚ зейнетақы төлемдері бір өтінішпен берілетінін атап өткен жөн. П

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img