spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Облыс кәсіпкерлері медицина мекемелерін қажеттіліктермен қамтуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Осыдан ай бұрын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша серіктес «L- group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасына тегін қолдануға екі жасанды тыныс алу аппараттарын табыс еткен. Аппараттар Ақмола облысының К.Құрманбаев атындағы фтизиопульмонология орталығында орнатылып, оттегімен демалуы қиындаған адамдардың өкпесіне тыныс алуына көмек беруде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Серіктестік басшысы емдеу мекемелерінде медициналық жабдықтардың қамтамасыз етілуінің аса маңыздылығын атап өтті.

«Біз провизорлық және жұқпалы аурулар стационарларының қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталуының аса маңызды екенін түсінеміз. Тек сонда ғана дәрігерлер өзінің кәсіби парыздарын орындап, ауыр науқастардың өмірін ажалдар арашалай алады, – деді «L- group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Феруза Котлева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да қиын кезеңде кәсіпкерлердің қалыс қалмай  медицина мекемелеріне қолдау көрсеткеніне ризашылығын білдірді.

Коронавирус пандемиясы әлем елдерінде барша адамзат баласы үшін аса ауыр сынақ болды.  Дегенмен, қазақстандық кәсіпкерлердің күрделі шақта елдің мәселесіне жауапкершілікпен қарапе, мемлекетке көмек бергені қуантады, – деді Сүлен Ілиясов.

Бүгінгі таңда облыстың провизорлық және инфекциялық стационарларында 835 емделуші бар. Жалпы 2053 төсек-орындардың 41 пайызында науқастар жатыр. Олардың алтауы жасанды тыныс алу аппараттарына қосылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img