spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
12.9 C
Kokshetau

Біржан сал ауданында провизорлық стационарға кәсіпкерлер медициналық керек жарақтар жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданында  аудан кәсіпкерлері құрбан айт мерекесіне орай «Мың алгыс!»​ жалпыреспубликалық акция ​ барысында​ ​  провизорлық стационарға   медициналық   жабдықтар   табыс   етті,-деп хабарлайды  «Aqmola  News».

«Семізбай-U» ЖШС-і провизорлық стационарға құны 2​ 500​ 000 теңге болатын ​2 оттегі конденсатор, 10 пульсоксиметр, 20 дана көп қолданбалы комбинезон, 25 дана бір қолдануға ғана арналған комбинезон, ​ 20 медициналық халат және төсек орын жабдықтарын жеткізді.

​ Кәсіпкер Азамат Айтхожин ақ халатты абзал жандарға 220 ​ 000 теңге қаржылай және азық-түлік әкелсе,​ «Әшім ата» мешіті​ ауданның еріктілерімен бірлесіп 180​ 000 теңгеге қой етін және азық-түлік жеткізіп берді.​

Коронавируспен күрескен ауданымыздың дәрігерлері күн демей, түн демей кезекшілікте болып, отбасынан жырақта жүріп қызмет етеді. Науқастарды қабылдаудан бастап, олардың көңіліне қаяу түсірмей, барынша қолдау білдіруге де тырысады.​ Сынаққа толы сәттерде науқасты емдеуге барын салуға серт берген жандардың абыройы асқақтай берсін. Кең жүректі аудан азаматтарының қауіпті індет кезінде дәрігерлер үшін атқарған игілікті істері көз қуантады. Әрдайым қайырымдылық жасап, қолындағысын бөліп беруге дайын тұратын жомарт жандар ауданда аз емес,-дейді   аудан   әкімшілігінен.

Бүгінде аудан ауруханасы жанындағы провизорлық стационарда науқастар саны азайған. Қуантарлығы ауырғандардың басым бөлігі жазылып, үйлеріне қайтарылған.

Өңірде жомарт жандар тарапынан мұндай игілікті шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика