spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облыстық сотының төрағасы онлайн кеңес өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыс судьяларымен онлайн кеңес өткізді, онда 2020 жылдың 1 жарты жылдығындағы соттар жұмысының нәтижелерін, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, сот қорғауы мен заң үстемдігін қамтамасыз ету, онлайн режимде соттардың жұмысын ұйымдастыру және басқа да мәселелерді талқылады.

Облыстық соттың мәліметтері бойынша 2020 жылдың 1 жарты жылдық нәтижелері бойынша облыста судьялардың жүктемесі 2019 жылдың 1 жарты жылдығымен салыстырғанда 3 есеге азайған.

Онлайн режимдегі кеңеске облыстық соттың алқа төрағалары Серікжан Ғабдулин мен Раджаб Даминов, жергілікті соттардың төрағалары, судьялары, Соттар әкімшісінің басшылығы, мамандары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Кеңесте Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Шаймергенов пен Бұланды аудандық сотының судьясы Басбатыр Ахметжановты құрметті демалыс және отставкаға шығумен құттықтап, сот жүйесіндегі көпжылдық және жемісті еңбегі үшін Алғыс хаттарды табыс етті.

Соттар жұмысының нәтижелерін талқылауға кірісе отырып, кадр мәселелерін жетілдіру, жүктемені азайту, заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Жоғарғы Сот Төрағасымен қойылған басым тапсырмаларды орындау судьяларға сот төрелігін іске асырудың сапасын жақсарту үшін жағдай туғызды. Атап айтқанда істерді уақытылы қарауды, бітімгершілік рәсімдерді қолдануды, сот актілерін жасаудың сапасын және тараптарға сот актілерін түсіндіруді қамтамасыз етуде оң нәтижелер бар. Азаматтардың құқықтарын қорғау, сот билігіне қоғамдық сенімді арттыру, қоғамда заңның үстемдігін және тұрақтылықты орнату – судьялардың алдында қойылған негізгі міндеттер»,, – деді Досжан Әміров.

Азаматтық, қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының төрағалары Серікжан Ғабдулин мен Раджаб Даминов азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың нәтижелерін талқылап, баяндамалар жасады. Алқа төрағалары аудандық соттардың жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді атап өтті.

Ақмола облыстық сотының судьясы Нұрсұлтан Рахымберлин облыс судьяларының әрекеттеріне азаматтардың өтініштерін, судья әдебі жөніндегі комиссияға шағымдарды қараудың нәтижелері, жүгінген азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою бойынша өткізіліп жатқан шаралар, шағымдар санын азайту бойынша жүргізілген жұмыс туралы сөз сөйлеп, шағымның алдын алу және жол бермеу әрбір сот пен судьяның жұмысындағы мақсат болуы тиіс деп айтты.

Облыстық сот төрағасы кеңесте сот процестерінде азаматтардың денсаулығына қатерді болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мен қорғау үшін барлық шараларды қолдануды тапсырды. Төтенше жағдайдың енгізілуінен бастап Ақмола облысының соттарында сот отырыстары қашықтық режиміне ауыстырылған, «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы соттарға өтініштер қабылданады. Онлайн отырыстар процеске қатысушыларды вирустың таралуынан қорғайды және сот талқылауын тоқтатусыз қарауға мүмкіндік берді.

Соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Сайра Шуақпаева соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыс туралы қорытынды есеппен сөз сөйледі. Д.Әміров талқылаудың нәтижелерін қорытындылай келе, Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановпен қойылған, әділ сот төрелігіне қол жеткізуге, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, сот төрелігіне азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған міндеттерді атап өтті.

Досжан Әміров азаматтардың наразылығына негіз болып табылатын, сот актілерінің сапасы үшін жауапкершілік, сот процестерінде әдепті мінез-құлық туралы облыс судьяларына еске салды, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларына, кеңсе меңгерушілеріне дыбыс-бейне жазба мен электрондық сервистерді қолдану сапасы бойынша жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, Досжан Әміров осы жылы заңды күшіне енген кейбір заңнамалық актілердегі жаңа өзгерістер мен толықтыруларды дұрыс қолданудың маңыздылығын атап өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img