Қазақстанда өткен тәулікте 1494 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды «Aqmola News» ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Оның ішінде 638 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
- Нұр-Сұлтан қаласы – 284 / 108
- Алматы қаласы – 173 / 59
- Шымкент қаласы – 39 / 12
- Ақмола облысы – 53 / 25
- Ақтөбе облысы – 12 / 5
- Алматы облысы – 59 / 29
- Атырау облысы – 85 / 64
- Шығыс Қазақстан облысы – 192 / 88
- Жамбыл облысы – 53 / 34
- Батыс Қазақстан облысы – 95 / 56
- Қарағанды облысы – 121 / 49
- Қостанай облысы – 59 / 39
- Қызылорда облысы – 24 / 17
- Маңғыстау облысы – 71 / 29
- Павлодар облысы – 73 / 9
- Солтүстік Қазақстан облысы – 80 / 11
- Түркістан облысы – 21 / 4
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 81 720 адамды құраса, 51 260 адам сауығып кеткен. Сондай-ақ, 610 науқас көз жұмған.