Елімізде өткен тәулікте тағы 1740 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды, «Aqmola News» республикалық ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Жұқтырғандардың 816-да ауру симптомдары жоқ болса, қалғандарына дәрігерлер көмек беріп жатыр.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
- Нұр-Сұлтан қаласы – 251 / 102
- Алматы қаласы – 220 / 118
- Шымкент қаласы – 39 / 17
- Ақмола облысы – 51 / 27
- Ақтөбе облысы – 36 / 13
- Алматы облысы – 53 / 44
- Атырау облысы – 156 / 112
- Шығыс Қазақстан облысы – 215 / 95
- Жамбыл облысы – 61 / 40
- Батыс Қазақстан облысы – 91 / 48
- Қарағанды облысы – 150 / 62
- Қостанай облысы – 60 / 35
- Қызылорда облысы – 80 / 32
- Маңғыстау облысы – 64 / 26
- Павлодар облысы – 109 / 24
- Солтүстік Қазақстан облысы – 85 / 9
- Түркістан облысы – 19 / 12
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 80 226 адамға жетті.