Бурабай ауданында болған блогер Яков Федоров Бурабай кентінің іргесі ірі жабайы күл-қоқыс қа айналып кеткені туралы жазып, суреттерін жариялаған. Елдің түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған жазба көпшіліктің наразылығын туғызған. Аталған жағдайға сәйкес Бурабай ауданының әкімдігі түсініктеме берді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Аудан әкімдігінің мәліметінше халық қоқыс полигоны жабылса да, күл-қоқысты аталған орынға тастауын тоқтатпай келеді.
Блогер Яков Федоров «tengrinews.kz» сайтында жариялаған жабайы күл-қоқыстар Бурабай кентінен сегіз шақырым жерде Зеленый Бор ауылдық округында орналасқан. Аталған қоқыс «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің қорғалатын аймағында орналасқан 2000 жылы жабылған ескі қоқыс полигоны жабылғаннан кейін пайда болды. Тұрғындар қоқыс полигоны жабылып, рұқсат етілмесе де бұрынғыдай қоқыс тастап келеді. Жағдайды реттеу үшін жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, Бурабай ауданы әкімдігімен жаңа полигонға 20 гектар аумақты құрайтын жер учаскесі де берілген. Қазіргі уақытта Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен оның құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме жасалу үстінде, – дейді Бурабай ауданы әкімдігінен.
Жалпы ауданда ғарыштық мониторинг нәтижесінде 99 күл-қоқыс орналасқан жерлер анықталған.
Бурабай ауданы әкімі 2020 жылдың 20 шілдесінде жабайы қоқыс орналасқан жерлерді жою жөнінде ісшаралар жоспары бекітіліп, оған сәйкес осы жылдың 20 тамызына дейін күл-қоқыстардың толықтай жойылатынын мәлімдеді.