spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Сервистік» форматта кезекті әкімдік ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Біржан сал ауданында кезекті «Сервистік әкімдік» ашылды. Іс-шараға аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин және аудан әкімінің орынбасары Кәрібай Шаймерденов қатысты, – деп хабарлайды «Aqmola News» Біржансал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасы бойынша бүгінде «сервистік» форматта Біржан сал ауданының әкімдігі жұмыс істеуде. Енді жергілікті тұрғындарға бір кабинеттен екінші кабинетке жүгірудің қажеті жоқ, барлық қажетті мемлекеттік қызметтер мен мамандардың кеңестері «бір терезе» қағидаты бойынша бір жерде беріледі. Бұл мемлекеттік органдарға халыққа барынша ашық және қолжетімді болуға мүмкіндік береді, сондай-ақ азаматтардың қызметтер алуы кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартады. Бүгінгі таңда осындай жұмыс форматы облыстың аудандық әкімдіктерінің басым көпшілігінде жүзеге асырылды», – деді Арман Бердалин.

Кәрібай Шаймерденов ашық диалог алаңында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ыңғайлы күту залы, суға арналған диспенсер, ақпараттық стенд және халыққа қолайлы қызмет көрсету үшін басқа да қажетті жағдайлар қарастырылғанын атап өтті.

«Сонымен қатар, қол жетімділік пен есеп берушілік принциптерін қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың бірінші қабатында Open Space форматындағы кабинет орналасқан, онда аудан әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді», – деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, осы күні халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және дәрілердің шекті бағасын сақтауға мониторинг шеңберінде өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшылығы орталық аудандық аурухана мен дәріханаларға барды. Осы объектілердің мониторингі барысында қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img