spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
18.2 C
Kokshetau

Шортанды: Әкім тұрғындарды онлайн қабылдауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аудан әкімі «онлайн» режимінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды өткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Тұрғындардың өтініштері негізінен әлеуметтік сала, жер қатынастары және тұрғын үй шаруашылығы мәселелеріне қатысты болды.

Әрқайсысына тиісті түсініктеме беріліп, шешімдер қолданыстағы заңнама аясында қабылданатыны түсіндірілді.

Мәселен, Үсемхан Шәризада есімді Жолымбет кентінің тұрғыны жеке шаруа қожалығындағы малы үшін шабындық жер жетіспейтіндігін айтып жүгінді. Сол себепті қыс көзі қырауда мал азығы тез таусылып, көктемге дейін жетпей қалатындықтан шаруашылықтың шаруасына кедергісін тудыруда.

Аудан басшысы бұл мәселе басқа да шаруаларға салмақ болып тұрғандығынан хабардар екендігін айып, алдағы уақытта ол үшін аудан территориясынан жер қарастырылатындығын айтты.

Сонымен қатар Бақытхан Амангүл есімді аудан тұрғыны әкімнен әлеуметтік көмек пен баспана қажеттігін сұрап келді.

Ғайдар Қасенов бұл тұрғынның да өтінішін тыңдап, тиісті мекеме жетекшілеріне тапсырма берді. Баспана кезегіне тұру мен жұмысқа тұру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне баруға кеңес берілді.

Бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін аптасына бір рет кезектілік тәртібімен жеке қабылдау жүргізіледі.Қабылдау Facebook әлеуметтік желісінің мессенджерінде бейне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.

Қабылдауға алдын-ала 8 (716 31) 2-15-18 телефоны арқылы жазылуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img