spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Есіл: Заречный отбасылық-дәрігерлік амбулаториясын жергілікті кәсіпкер қамтамасыз етуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданында жергілікті кәсіпкердің бастамасымен Заречный отбасылық-дәрігерлік амбулаториясына дәрі-дәрмектер мен қажетті медициналық құрал-жыбдықтар сатып алынды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Есіл ауданы әкімдігі мәлім етті.

Облыстың әр түкпірінде коронавирус індетімен күреске жергілікті кәсіпкерлер үлес қосып, материалдық тұрғыда медицина мекемелеріне қолдау білдіруде. Солардың бірі «Заречный» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Уәлихан Әріпов өз бастамасымен 700 мың теңгені медицина мекемесінің қажетіне жұмсады.

Ел-жұртты алаңдатқан дерттің   күн санап дендеп  кеткені баршамызды қатты  үрейлендіріп отыр. Мұндай жағдайда бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып індетпен күресуіміз қажет. Халықтың денсаулығы үшін  қолдан келгенше қолдау білдіру әрбіріміздің азаматтық парызымыз деген ойдамын, – дейді  Уәлихан Әріпов.

Кәсіпкер алдағы уақытта да емдеу мекемесіне қажетті дәрі-дәрмек жеткізуді өз мойнына алған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика