Модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында диагнозы COVID-19 вирусының оң белгілері расталған 95 жастағы науқас емделіп шықты,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп BAQ.KZ жазды.
Науқасты тексеру барысында компьютерлік томографияның нәтижесі бойынша өкпенің 70% зақымдалғанын және екіжақты полисегментарлық пневмония диагнозы қойылған.
95 жастағы қарияда көптеген ілеспе ауруы болды. Атап айтар болсақ, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертензия, ми қантамырларының жас патологиясы, қан айналымының бұзылуы және үдемелі дисциркуляторлық энцефалопатия (прогрессивті мультифокалды немесе мидың диффузды-тамырлы зақымдануы), сонымен қатар, науқаста барлық көрсеткіш бойынша өміріне қауіп төнді, – делінген хабарламада.
Науқас 18 күн бойы стационарда ем қабылдаған, себебі дәрігерлер оның жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндікті жасады. Оның ішінде 8 күн науқасқа қосымша респираторлық қолдау көрсетілді.
Дәрігер-реаниматолог Бауыржан Сәрсембаевтың айтуынша, бұл жағдайда науқасты кешенді интенсивті және вирусқа қарсы терапиядан жағымсыз салдарсыз коронавирустық инфекциядан толықтай емдеу мүмкін болды.
Сондай-ақ, тағы бір нәрсені қосқым келеді, бұл адамның ішкі жағдайына, оның өмір сүруге, отбасына, жақындарына оралуға деген ниетіне де байланысты! Бұл біздің стационарымыздағы ең ересек науқас, ол коронавирусты жеңді, – дейді Сәрсембаев.
Өз кезегінде, ақсақал клиниканың барлық медициналық қызметкеріне олардың ерлігі үшін алғыс білдіріп, нағыз «Батырлар» деп баға беріп, оларға бақыт, денсаулық және осы пандемиямен күресуде шыдамдылық тіледі