spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.9 C
Kokshetau

Ақмолада жағажайлар мен демалыс орындарының жұмысына шектеу қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақсыздығына байланысты  ашық су қоймалары мен қоғамдық және жекеменшік жағажайларға, сондай-ақ қонақжайлар мен отельдерге кіруге тыйым салынды. Ақмола облысының бас санитар дәрігері 20 шілде күні қол қойған қаулыға сәйкес демалыс орындарында карантин шаралары күшейтілетін болды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Карантиндік тыйым шаралары 24 шілде түнгі сағат 00.00 сағаттан бастап, 3 тамызда 00.00 сағатқа дейін жалғаспақ.

Бұл негізінен су қоймаларында адамдардың көп жиналған аумақтарда әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы, бетперделердің тағылмауы  және соның салдарынан науқастар санының шамадан  тыс артып кеткен.

Курорттық аймақтардағы жағажайларда  адамдардың көп шоғырланып, жасалған тыйымдарға қарамастан су қоймаларында демалуы жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Енді су қоймларының айналасында 500 метр шамасында орналасқан  барлық сауда және ойын-сауық нысандары, тир, карусель, балмұздақ  , фастфуд және сусындар сататын дүңгіршектер, қайық жалға беретін  бекеттер жабылады. Щучинск және Бурабай курортты аймақтарына шыққан кезде автокөліктер қозғалысына тыйым салынатын блок-бекеттер қойылады. Курортты аймақтарда демалып жатқан тұлғалар маскалық режимді  мен арақашықтық ережесін, қоғамдық орындар мен көлікте жол жүрген кезде  сақтық шараларын ұстануы қажет.  Туристік нысандар бронь жасауға өтініштерді  қабылдауды тоқтатуы тиіс, – дейді   Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Қаулыға сәйкес мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс істейтін санаториялық-курорттық нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимде жұмысын жалғастырады. Жекеменшік және жалдамалы жағажайлардың қызметі  толығымен тоқтатылады. Енгізілген карантиндік шектеулер COVID-19  байланысты жағдай тұрақталмаған жағдайда одан әрі ұзартылмақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика