spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
14.7 C
Kokshetau

19 шілде күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

19 шілдеде республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте және солтүстік шығыста және еліміздің батысында күн ашық, деп хабарлайды  «Aqmola News»  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұруы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің екпіні 23-28 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, таңертең және күндіз Жамбыл облысында, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл мен жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі,

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ оңтүстікте аптап ыстық болады. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика