spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
15.3 C
Kokshetau

Аида Балаева: Біз орысша сөйлеген соң халық түсінбей отыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook желісінде онлайн ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Бұл туралы BAQ.KZ-ке  сілтеме жасап «Aqmola News»  хабарлайды.

Zoom арқылы атқарып жатқан жұмыстарын баяндаған әр түрлі министрлік өкілдерінің барылығы дерлік орыс тілінде дайындалған. Слайдтары да орыс тілінде.

Бұл мәселе министрдің көңілін түсірді. Facebook қолданушылары да тікелей эфир кезінде жиналыстың қазақ тілінде өткізілмейтіндігін айтып, реніштерін жеткізіп жатты.

Слайдтың бәрі орысша болғаннан кейін ең болмаса баяндаманы қазақшалауға болады ғой. Жиналысымыз Facebook-те өтіп жатқан соң, оның үстіне ақпараттандыру мәселесін қозғап отырғаннан кейін мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті емес. Орысша сөйлеген соң, халық түсінбей отыр. Слайд орысша, баяндаманы қазақша жасауға немесе керсінше істеуге болады ғой. Комиссия мүшелеріне және баяндама жасаушылар да осы мәселеге мән беру керек, – деді Аида Балаева.

Бірақ министрдің бұл сөзін ескеріп жатқандар шамалы. Аида Ғалымқызының осы айтқанынан кейін сөз алған  «Ашық бюджет» порталының өкілі Гүлмира Исабекова «Всем добрый» деп әңгімесін өзіне үйреншікті тілде жалғап кетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика