spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Целиноград: Уақытша стационар жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыста коронавирус инфекциясы таралу көрсеткіші аса жоғары болып тұрған Целиноград ауданында  аудандық аурухана базасында  науқастарды емдейтін уақытша стационар ашылды, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Бұл туралы Целиноград ауданы әкімдігі мәлім етті.

Құрметті аудан тұрғындары!

2020 жылдың 15 шілдесінен бастап Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы аудандық емханасында уақытша стационар өз жұмысын бастады. Мекен-жайы: Ақмол ауылы, 3 ықшам ауданы 1 А мекенжайында орналасқан. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сүлен Ілиясовтың 2020 жылдың 28 шілдесіндегі N 414 бұйрығына сәйкес COVID-19 коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы Целиноград аудандық емханасы базасында уақытша станционар орналастырылды. Науқастар алдын ала жазылу арқылы  қабылданады, – деп жазылған хабарламада.

Стационарда  пневмония жеңіл және орташа түрлері, ентігу,  тыныс алудың қиындауы сияқты белгілер  пайда болған адамдар қабылдануда.  

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img