spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-25.8 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында аурухана мен оның жатақханасы толықтай жөнделеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандық аурухана ғимараты мен жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Бағдарлама шеңберінде аурухананы  жөндеуге 265 миллион теңге және  осы аурухананың медициналық қызметкерлеріне арналған он орындық жатақхананы жөндеуге 17 миллион теңге бөлінген.

Қазіргі таңда ғимараттың жаңа шатырын монтаждау жұмыстары аяқталды. Аурухананың үшінші қабатындағы ескі ағаш терезелердің орнына пластикалық терезелер қойылды.  Кабинеттерді әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.  Сондай-ақ, санитарлық тораптар, су құбырлары ауыстырылып, аурухананың кәрізіне де жөндеу жасалды, – дейді аудан әкімі Ерлан Исабеков.

Ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті 44 адам жұмылдырылыпты. Оның ішінде  халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы  22 адам жұмыспен қамтылған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика