spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Есіл ауданында дәріхана иелерімен келісімшарттар жасалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Еcіл ауданында дәріхана иелері мен дәрі-дәрмектерді жеткізушілер арасында келісімшарт жасау мәселесі бойынша кезекті жиын өтті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра  ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аудан әкімдігінің мәліметінше дәріханаларға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Бүгін дәріхана иелерімен дәрі-дәрмектердің бағасы және арада келісімшарт жасасу жөнінде жиын өткіздім. Дәріханалар белгілі бір дәрілер болмаған жағдайда сол дәрі-дәрмектермен құрамы ұқсас дәрілерді ұсынуда. Мысалы, егер парацетамол болмаған жағдайда, оның орнына құрамында парацетамолы бар терафлю, тайлол, максигриппин, фервекс, орвиколд, страйк сияқты дәрілер беріліп жатқанын жеткізді, – дейді Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айдар Байманов.

Дәріхана иелерінің айтуынша, науқастарға амосиклав, рокститромицин, макропен, тетрациклин сияқты антибиотиктер ұсынылуда.

Қазіргі сәтте Есіл ауданындағы дәріханалар «Аманат», «Стофарм», «Инкар», «Фарком» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен жетіспейтін дәрі-дәрмектерді жеткізуге келісімшарттар жасаған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика