spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 29, 2024
18.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында  COVID-19 инфекциясына шалдығу бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де болса тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.

2014 жылғы 14 шілденің тағында облыста коронавирус инфекциясы зертханалы түрде расталған  1727 адам (яғни 100 мың халықтың 237,4 көрсеткіші) тіркелді. Олардың ішінде 618 адам ауру белгілері бар болса, 1109 адамнан симптомдар анықталмаған, Жалпы 24 адам қайғылы қазаға ұшыраған.

Науқасқа шалдыққан 1727  адамның 731-і  вирус жұқтырғандармен жақын қатынаста болған, ал 592 адам өздері медициналық мекемеге жүгінді. Сондай-ақ, 404 адам профилактикалық скрининг кезінде анықталды.

Тек соңғы тәулікте ғана 39 адамнан зертханалық түрде коронавирус расталған, оның ішінде 19 адамнан ауру белгілері бар  болса, 20 тасымалдаушыдан вирус белгілері анықталмаған.

Жалпы соңғы аптадағы орташа өсім 2,2 пайызды құрап, 243 адамды құрады. Өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырушылардың саны 1,4 есе төмендегені қуантты. Профилактикалық тексеріс жүргізу барысында 95 вирус жұқтыру оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 75 адам бұрын ауырғандармен жақын қатынаста болса, 73 адам өздері емдеу мекемесіне жүгінгендер, – деді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Жалпы аудандар бойынша ең көп өсім Сандықтау ауданында байқалып 11 есеге артқан. Зеренді ауданында 6 есе, Біржан сал ауданында 1,8 есе көбейген. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Студенттерге ашық есік күні өтті

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледж...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img