spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 2, 2026
-18.4 C
Kokshetau

14 шілде күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклоның әсерінде болғандықтан, 14 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Елдің тек батысы мен шығысында найзағай ойнап, жауын-шашын болады деп күтілуде. Кей жерлерде екпінді жел соғады. Оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады деп хабарлайды  «Aqmola News»  Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с артады. Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола, Павлодар, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысында, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында – қатты, оңтүстікте өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Полиция департаментінің түсіндірмесі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика