spot_img
Сенбі, Қазан 25, 2025
2.4 C
Kokshetau

Ұлттық Аза тұту күніне орай Ұлттық арнада тікелей эфир өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

13 шілде – Ұлттық Аза тұту күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 12.00-де коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телеграм-каналында хабарлады.

«2020 жылдың 13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар және басқа да республикалық, аймақтық телеарналар мен радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады» – деп жазылған хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика