spot_img
Сенбі, Қазан 25, 2025
2.4 C
Kokshetau

Назарбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтардың туған-туысқандарына көңіл айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы коронавирус індетінен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды  «Aqmola News» Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде Қазақстан бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалмен бетпе-бет келіп отыр. Қауіпті індет біздің қалаларымыз бен ауылдарымызға тарап, өкінішке қарай, адам өлімі болып жатыр. Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу ­– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Алапат дерт біздің адамдарымыздың өмірін қиып әкетуде. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр», – деп жазылған хабарламада.

Елбасы әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның ­– әкелер мен аналардың, қыздарымыз мен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұрғанын айтты.

«Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біз береке-бірлік пен тұтастықтың арқасында талай сынақтан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенемін»,-делінген көңіл айту хабарламасында.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика