spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 7, 2025
-2.8 C
Kokshetau

Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігерлері Олег Исаевті үнсіздікпен еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Аза тұту күнінде Көкшетау қалалық ауруханасының дәрігерлері коронавируспен күресу кезінде қайтыс болған дәрігер жерлестері Исаев Олег Николаевичтің рухына тағзым етті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Біз қарусыз майданда қайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, аза тұтамыз. Өкінішке орай біз жақындарымызды жоғалтудамыз. Олар енді ешқашан оралмайды…

Олег Николаевичтен, білікті дәрігермен қош айтыстық. Өте ауыр. Сіз біздің әрдайым жүрегіміздесіз… Үкімет сіздің ерекше еңбегіңізді ең жоғарғы марапатқа лайық деп тапты. Егер барлықтарыңыз бізге көмектескілеріңіз келсе, ешқашан ауырмаңыздар, өздеріңізді сақтаңыздар, ешқандай іс-шараларға бармаңыздар! Ал, біз жұмысымызды жалғастырамыз,-дейді Көкшетау қалалық ауруханасының бір топ дәрігерлері.

Олег Николаевич 2008 жылдан бері Көкшетау қалалық ауруханасында бөлім меңгерушісі және анестезиолог және реаниматолог болып қызмет атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі дәрігерді қайтыс болғаннан кейін медальмен марапаттады. Оның бірі жерлесіміз Олег Николаевичке “Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – “Қазақстанның Еңбек Ері” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен “Отан” ордені тапсырылды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика