Ерейментау қаласында тұрғындардың назарын аудару және алдын алу шараларын ұйымдастыру үшін айдың әрбір екінші сейсенбісінде дабыл құралдары іске қосылмақ, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Дабыл елдегі төтенше жағдайлардың туындаған жағдайда елдің назарын аударып, халықтың қауіптің алдын алуға қамдануға шақырады.
«Құрметті Ерейментау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Төтенше немесе басқа да жағдайлардың пайда болу қаупі кезінде халықтың назарын аудару үшін және алдын-алу іс-шараларын қолдану мақсатында электрдабылды немесе басқа да дабыл құралдары қосылатынын, бұл «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» бірыңғай хабарландыру сигналы болып табылатынын естеріңізге саламыз! Бұл сигналды естігенде тұрғындар ақпарат пен қалыптасқан жағдайды іс-әрекеттер туралы нұсқау алу үшін ақпаратты қабылдаудың қол жетімді құралдарын (телеарналар, радио және т.б.) дереу қосуға міндетті. Айдың әрбір екінші сейсенбі күні әлектродабылдардың жарамдылығын тексеру мақсатында электрдабыл орталықтандырылған түрде іске қосылады. Бұл жағдайда тыныштықты сақтап, үрей мен қауесетке бой алдырмау қажет» – деп жазылған хабарламада.
Қауіпті індеттің одан әрі таралуының алдын алу жолында барлық шаралар жүргізілетін болады, – дейді ұйымдастырушылар.